Сауд Арабиясы йемендіктердің 'умра' ғибадатын орындауына рұқсат берді

Үш жылдық үзілістің артынан йемендіктердің умра ғибадатын орындауы жөніндегі ұсыныс корольдік жарлығымен бекітілді.

981270
Сауд Арабиясы йемендіктердің 'умра' ғибадатын орындауына рұқсат берді

Сауд Арабиясы 3 жылдық үзілістің артынан йемендіктердің умра ғибадаттарын орындауы үшін елге кірісін бекітті.

Йемен қорлар мен Иршад министрі Ахмед Атыййе Сауд Арабиясының биылдан бастап, йемендіктер үшін умра  жолын ашуды бекітетін корольдік жарлығының жарияланғанын білдірді.

Атыййе умра үшін Сауд Арабиясына кірістің хоуситтердің йемендіктерге қарсы елде бастаған қақтығыстары себепті 3 жыл бұрын тоқтатқанын еске салды.

Йеменде әкімшілікті бақылауға алғысы келген хоуситтер 2014 жылы бас қала Санадан бастап, кейбір аймақтарды басып алған болатын.

Сауд Арабиясының басшылығындағы коалиция күштері 2015 жылы наурыз айында басталған «Тұрақтылық дауылы операциясы» аясында заңды әкімшілікке қарасты күштерге қолдау беруде.



Ұқсас жаңалықтар