Сирияда YPG/PKK террор ұйымы бір активисті жәбірлеп өлтірді

Террор ұйымы YPG/PKK бақлауындағы Хасекеде активист Муханнед Мудхиді ұйымның жәбірлеп өлтіргені ортаға шықты.

980351
Сирияда YPG/PKK террор ұйымы бір активисті жәбірлеп өлтірді

Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ның басқыншылығындағы Хасеке қаласында активист Мүханнед Мудхи террор ұйымының жәбірлеуі нәтижесінде дүниеге көз жұмды.

Ұйымның аймақтағы жастарды күштеп қаруландыру саясатына 4 күн бұрын наразылық көрсеткен Хасеке тұрғындарының қала орталығындағы шерулеріне қатысқан Мудхиді YPG/PKK-лық террористтер тұтқындаған болатын.

Тұтқындалуының артынан қайтыс болған активист Мудхидің ұйым мүшелері тарапынан жәбірленіп өлтірілгені анықталды.

Мәйіті жанұясына тапсырылған Мудхи Ярубиййе ауылында жерленді. Жаназа рәсімі бойынша террористтер ауылды қоршап алды.

YPG/PKK террор ұйымының басқыншылығындағы Хасеке, Манбидж және Раккада террор ұйымы мүшелері аймақта жастары 18 бен 30 болған жастарды бақылау бекеттерінде ұстап күштеп ұйымға қосады.



Ұқсас жаңалықтар