Иран мен Израиль лауазымдыларының құпия кездесуі

Орталығы Лондон болған Сауд Арабияның "Илаф" атты газеті Иран мен Израиль лауазымдыларының Иорданияда құпия келіссөздер жүргізгенін алға тарты.

980178
Иран мен Израиль лауазымдыларының құпия кездесуі

Иран мен Израиль лауазымдыларының Иорданияның бас қаласы Амманда болып өткен құпия кездесуде «Тегеран әкімшілігінің Сирияның оңтүстік батысындағы қақтығыстарға араласпауы» тақырыбында келіскені алға тартылды.

Сауд Арабиясының орталығы Лондондағы «Илаф» атты газетінің кездесуге қатысқан бір ақпарат көзіне сілтеген хабарында араларында Иранның Иорданиядағы өкілетті елшісі Муджтеба Фирдевси Бур да бар ирандық қауіпсіздік лауазымдылары және құрамында барлау ұйымы Моссадтың төраға орынбасары бар израильдік лауазымдылар Аммандағы бір қонақүйде келіссөздер жүргізді.

Хабарда келіссөздердің иорданиялық бір бітімгер тарапынан жүргізілгені білдірілді. Жанама түрде болып өткен келіссөздердің тақырыбының Сирияның оңтүстік батысында әсіресе де, Дера мен Әл-Кунейтра қаласында шығуы ықтимал қақтығыстар екені аталып, «Кездесу нәтижесінде Иранға қоса Ливан Хизбаллах ұйымы мен басқа да шиіт топтардың аталмыш аймақта Асад режим күштері мен оппозиционерлер арасында күтілген қақтығыстарға қосылмау және Иорданияның да шекараларын қатынасқа жабуы жөнінде келісімге келді» деген қауесетке орын берген.

Бұл кездесуден Ресейдің хабары бар екені атап көрсетілген хабарда Дера мен Әл-Кунейтрада шығуы ықтимал қақтығыстарға Иран мен Хизбулланың қатыспайтыны жайлы Ресейдің кепілдік бергені де алға тартылды.



Ұқсас жаңалықтар