Киркуктегі ДАИШ нысаналарына әуе операциясы

Халықаралық коалиция күштеріне тиесілі соғыс ұшақтарының әуе операциясында 5 ДАИШ-тік террорист залалсыздандырылды.

979658
Киркуктегі ДАИШ нысаналарына әуе операциясы

Ирактың Киркук қаласында террор ұйымы ДАИШ-ке бағытталған коалиция күштерінің әуе операциясында 5 ДАИШ-тік террорист залалсыздандырылды.

Киркук Полициясы директоры Али Кемал «Киркуктің оңтүстігінде ұйымдастырылған әуе шабуылында 5 ДАИШ мүшесі өлтірілді» деді.

Әуе шабуылының Киркуктің оңтүстігіндегі Решат ауданы маңындағы таулық аймаққа жасырынған ДАИШ-тен артта қалғандарға бағыттап жүзеге асқанына назар аударған Кемал «Ауылдық аймақтарға жасырынған ДАИШ қалдықтарына бағытталған әуе шабуылы Халықаралық коалиция күштеріне тиесілі соғыс ұшақтары тарапынан жасалды. Шабуыл кезінде террористтер жасырынған баспаналар мен үңгірлер де жойылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар