Түркия тәуелсіз бір ел ретінде S-400-ні алуға құқығы бар

Путин Түркияның Ресейден алатын  S-400 әуе қорғаныс жүйесімен байланысты АҚШ-қа жауап берді.

979347
Түркия тәуелсіз бір ел ретінде S-400-ні алуға құқығы бар

Ресей президент Владимир Путин Түркияның Ресейден алатын S-400 әуе қорғаныс жүйесімен байланысты Америка Құрама Штаттары әкімшілігінен келген наразылықтарға жауап берді.

Путин Санкт-Петербург халықаралық экономика форумы аясында әлемнің алдыңғы қатардағы хабар агенттіктерінің бас редакторларын қабылдады.  

Путин «Түркия бір НАТО мүшесі ретінде S-400 әуе қорғаныс жүйесі арқылы ең дамыған және әлемнің ең мықты бір жүйесін алуға шешім жасады. Бұндай шешім жасаса не болыпты? Тәуелсіз бір елдің қауіпсіздігін сақтау тақырыбында өте керемет бір өнімді алуға бағытталған талпыныстарына қайсы ел шектеме жасай алады? Менің көзқарасым бойынша басқа елдің ішкі естеріне араласу ұшқары бір әрекет болып табылады» деді.

Путин баста Грекияға сатқан S-300 жүйелері болып, бір қатар НАТО елдеріне де қару сатқанын еске салды.

Ресей президенті «Бұл қысым жөнінде мәлімдеме жасауға дәтім шыдамауда. Бұл Түркияға қарсы әділетсіз бір тұғыр» деген сөздер қолданды.


Этикеттер: #Ресей , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар