Палестина Израильді Халықаралық сотқа шағымданды

Бас прокурор Палестина үкіметінің Израиль қырғындарымен байланысты папканы негізге алып тергеу жұмыстарын бастады.

976880
Палестина Израильді Халықаралық сотқа шағымданды

Халықаралық қылмыстық соты бас прокурор Фатоу Бенсуда Палестина үкіметінің Израиль қырғындарымен байланысты тапсырған қылмыстық іс папкасына қатысты алдын ала тергеуді бастады.

Орталығы Голландияның Гаага қаласындағы Халықаралық қылмыстық сотының бас прокурор Фатоу Бенсуда Палестина үкіметінің Израильдің қырғындарымен байланысты сотқа табыс еткен папка тақырыбында сот төрешісімен ақпарат бөліскенін білдірді.

Бенсуда тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдемесінде 2015 жылы да Палестинадағы жағдаймен байланысты тергеу ашу үшін алдын ала тергеу ашылғанын еске салып, «Кеңсе жүргізген алдын ала тергеу жұмыстарында маңызды жетістіктерге қол жеткізді және бірдей әдіспен тергеулер жалғасады» деді.

Бенсуда бұл тақырыпта және басқа да мәселелер жайлы әрдайым өзіне берілген жауапкершілікке лайық шешім қабылдайтыны жөнінде ешкімнің күдіктенбеу керектігін атап көрсетті.

Палестина Сыртқы істер министрі Рияд Әл-Малики кеше Халықаралық қылмыстық сотқа еврей тұрғын алаңдары және қылмыстық әрекет жасаған израильдік күдіктілер жайлы папканы да тапсырған болатын.

АҚШ-тың Израиль өкілетті елшілігін Тель-Авивке көшіруін протест еткен палестиналық шерушілерге израильдік әскерлерінің шабуылы нәтижесінде 65 адам шәйіт болып, мыңдаған палестиналық жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар