Ислам саммитінің қортынды декларациясы жарияланды

Палестина халқының халықаралық деңгейде қорғалуы жөнінде үндеу тасталды.

974569
Ислам саммитінің қортынды декларациясы жарияланды

Палестина халқының халықаралық деңгейде қорғалуы жөнінде үндеу тасталды.

Түркияның үндеуімен кеше Стамбулда Ислам ынтымақтастық ұйымы Ислам саммиті кезектен тыс жиналысы өтті. Саммиттің қорытынды декларациясында Палестина халқының халықаралық деңгейде қорғалуы жөнінде үндеу тасталды.

Декларацияда Палестина территорияларында болған қанды оқиғалардан жаулаушы күш ретінде қаралған Израиль жауапкершілікке тартылды.

Израилm күштері тарапынан істелген қылмыс және қырғындардың тергелуі және Израиль органдарының осы тақырыпта жазаландыруы мақсатымен халықаралық тәуелсіз бір мамандар комитетінің құрылуы талап етілді.

Осы комитеттің дәлелдерді халықаралық ұйымдарға дереу жеткізілуі керектігі айтылды.

Халықаралық бейбіт күшін жіберу болып, Палестина халқының халықаралық деңгейде қорғалуы туралы үндеу тасталды.

Сонымен қатар тақырыптың жедел түрде Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі, Қауіпсіздік Кеңесі және Адам Құқықтары Кеңесінің күн тәртіпке әкелуі талап етілді. 

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі болып, халықаралық ұйымға Палестинамен байланысты халықаралық құқық және ережені қорғауға бағытталған заңдық жауапкершілігін орындауы жөнінде үндеу тасталды.

Декларацияда АҚШ президенті Дональд Трамптың Иерусалимнің ауыз жүзінде астана ретінде таныған заңсыз шешімнің қабылданбауы қайталанды.



Ұқсас жаңалықтар