Ердоған, Хамдаллах және Усеймин баспасөз жиналыс өткізді

Ердоған, Хамдаллах және Усеймин ортақ баспасөз жиналыс өткізіп, АҚШ-ты айыптады.

974572
Ердоған, Хамдаллах және Усеймин баспасөз жиналыс өткізді
erdogan-hamdallah-useymin.jpg

Ердоған, Хамдаллах және Усеймин ортақ баспасөз жиналыс өткізіп, АҚШ-ты айыптады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Америка Құрама Штаттарының Иерусалимді Израильдің астанасы деп жариялауынан кейін аймақта туылған оқиғалардан жауапты екенін айтты.

Ердоған Стамбулда ұйымдастырылған Ислам ынтымақтастық ұйымының Ислам саммиті кезектен тыс жиналысынан кейін Палестина премьер-министрі Рами әл-Хамдаллах және Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысы Юсуф бин Ахмед әл-Усейминмен бірге ортақ баспасөз жиналысын ұйымдастырды.

АҚШ-тың Иерусалимді Израильдің астанасы деп жариялауының қате бір шешім екенін білдірген Ердоған «Бейбіт процесін провокация еткен бұл шешімнің жауапкершілігі АҚШ-қа тән. АҚШ әкімшілігі осылайша бейбітті қалағанын талай рет дәлелдеген Палестина тарабын жазаландырды» деді.

Президент Ердоған «Сондықтан барша әлемге заңдық және құқықтық принциптер аясында әрекет етуі жөнінде үндеу тастаймын» деді.

Палестина премьер-министрі Рами әл-Хамдаллах та баяндамасында АҚШ-тың БҰҰ шешімдерін аяқ асты ете отырып өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіргенін баяндап, осы жағдайдың айтақтаушы бір әрекет екенін түсіндірді.

Хамдаллах өкілетті елшіліктің Иерусалимге көшірілуінің халықаралық ұйым тарапынан қатал түрде айыпталуы керектігін атап өтті.

Хамдаллах Иерусалим және Палестина мәселесі жөнінде қатты атсалысқан президент Ердоғанға алғыс айтты.

Ислам ынтымақтастық ұйымы бас хатшысы Юсуф бин Ахмед әл-Усеймин болса әрі Араб елдерінің, әрі Ислам әлемінің Палестина халқының қасында болатынын білдіріп, осы тақырып жайлы халықаралық ұйымдар көлемінде жалғасты қадағалап отыратынын түсіндірді.

Усеймин «АҚШ-тың жасаған шешімі ешбір нәрсені өзгерте алмайды. АҚШ-тың өз өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіру шешімінің үкімі жоқ» деді.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Израиль

Ұқсас жаңалықтар