Ақ Үй Израильді қолдаған мәлімдеме жасады

АҚШ халықаралық қоғамның наразылығын туғызатын бір мәлімдеме жасады.

970991
Ақ Үй Израильді қолдаған мәлімдеме жасады

АҚШ Израильдегі Өкілетті елшілігін Иерусалимге көшіруінің артынан шыққан және 59 адам шәйіт болған оқиғалармен байланысты жанжал туғызатын бір мәлімдеме жасады.

Израильдің қатаң ұстанымы халықаралық қоғамның наразылығын туғызып жатқанда Ақ Үйден жасалған мәлімдеме айыптаудан гөрі керісінше Тель-Авив әкімшілігіне қолдау берді.

Ақ Үй «Газа секторындағы қақтығыстарды қадағалаудамыз. Сол жердегі трагедиялық оқиғалардың жауапкері Хамас болып табылады. Аймақтағы дағдарысты жауапкерсіздікпен Хамастың өзі провокацияға айналдырды» деп мәлімдеді.

Қызуды арттыратын осы мәлімдемеде сондай-ақ «Хамастың халықты қорқынышты қауіпке итермелеген, қақтығысуға шақырған абайсыз ұстанымына қажет жоқ еді. Израиль өзін-өзі қорғау құқығына ие» деді.



Ұқсас жаңалықтар