Үндістандағы құмды дауылда 145 адам қаза тапты

Үндістанда болған алапат құмды дауылдан қаза тапқандар саны 145-ке ұласты.

970138
Үндістандағы құмды дауылда 145 адам қаза тапты

Үндістанда болған алапат құмды дауылдан қаза тапқандар саны 145-ке ұласты.

Үндістанда 1-14 мамыр күндері аралығында болған алапат құмды дауылдан қаза тапқандар саны 145-ке ұласты. Опат болғандардың көбі Уттар-Прадеш штатының тұрғындары

Үкімет мәлімдемешісі Авнееш Ауашти сағатына 70 шақырым жылдамдықпен соққан алапат дауылда Уттар-Прадеш штатында 9 адамның опат болғанын,  23 адамның да жарақат алғанын айтты.

Сағатына 70 шақырым жылдамдықпен соққан дүлей жел талдарды тамырымен жұлып, электр бағаналарын құлатып, үйлердің шатырларын ұшырған.

Табиғат апатынан Радажстан аймағындағы Алвар, Дхол-пур, Бхаратпур аудандары көп зардап шекті.


Этикеттер: #Үндістан , #құм , #дауыл

Ұқсас жаңалықтар