Түрікмен саясат қайраткері SMDK-ның төрағасы болып сайланды

Сирия оппозициялық және төңкерісшіл күштер ұлттық коалициясы (SMDK) төрағалығына түрікмен саясат қайраткері Абдуррахман Мұстафа сайланды.

965550
Түрікмен саясат қайраткері SMDK-ның төрағасы болып сайланды

Сирия оппозициялық және төңкерісшіл күштер ұлттық коалициясы (SMDK) төрағалығына түрікмен саясат қайраткері Абдуррахман Мұстафа сайланды.

Коалицияның твиттер ресми парақшасынан жасалған мәлімдемеде Мұстафаның жалғыз үміткер болғаны және 75 мүшелі Жалпы кеңестің 66 мүшесінің дауысымен төраға сайланғаны атап көрсетілді.

Жалпы Кеңесте сондай-ақ Дима Муса, Бедр Жамус, Абдүлбасит Хаму төраға орындасары болып тағайындалды. Коалицияның бас хатшылығына болса Незир әл-Хаким сайланды.

Сирия оппозициялық және төңкерісшіл күштер ұлттық коалициясы Саяси Кеңесі наурыз айында денсаулық жағдайына байланысты Сейфтің отставкаға кеткенін жариялаған болатын.

Сол кездері төраға орынбасары міндетін атқарған Мұстафа Сейфтің отставкаға кетуімен төрағалыққа уәкіл болып тағайындалған еді.



Ұқсас жаңалықтар