Пәкістан Ішкі істер министрі қарулы шабуылға ұшырады

Пәкістан Ішкі істер министрі Ахсан Икбаль туған жері Наровальдегі бір митингте қарулы шабуылға ұшырап, иығынан жарақат алды.

965184
Пәкістан Ішкі істер министрі қарулы шабуылға ұшырады

Пәкістан Ішкі істер министрі Ахсан Икбаль туған жері Наровальде қатысқан бір митингте қарулы шабуылға ұшырады.

Пәкістан мемлекеттік радиосы жасаған мәлімдемеге қарағанда елдің шығысындағы Каровальға қарасты Канжрурда жүзеге асқан қарулы шабуылда Икбаль оң иығынан жарақат алды.

Икбальге алғашқы медициналық көмек аймақтық ауруханада жасалды. Ішкі істер министрі кейін Лахор қалалық ауруханасына жеткізілді.

Пенджап уәлаяты полициясы ұсталған шабуылдаушыны тергеуге алды. Полиция лауазымдысы Имран Кишвар болса шабуылдаушының 20-22 жасар бір еркек екенін және Икбалге шамамен 20 метрлік бір қашықтықтан оқ атқанын атап көрсетті.

Кишвар жарақат алған Икбальдің жағдайының жақсы екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар