Кабулдағы жанкешті шабуылында 21 адам қаза тапты

Кабулдағы жанкешті шабуылында үшеуі журналист 21 адам қаза тапты, 27 адам жарақат алды.

961004
Кабулдағы жанкешті шабуылында 21 адам қаза тапты

Ауғанстанның астанасы Кабулда ұйымдастырылған екі жанкешті шабуылында 21 адам қаза тапты.

Бомбалы шабуылдар астана Кабулдағы Ауғанстан ұлттық барлау ұйымы ғимараты маңында ұйымдастырылды.

Шабуылда үшеуі журналист 21 адам қаза тапты, 27 адам жарақат алды.

Шабуылдың жауапкершілігін қазірге дейін ешкім мойнына алмады.

Өткен апта Кабулдағы бір сайлау тіркеу орталығында ұйымдастырылған бомбалы шабуылда 60 адам қаза тапқан және 100-дем астам адам жарақат алған еді.


Этикеттер: #Ауғанстан , #Кабул

Ұқсас жаңалықтар