Мемлекеттік қызметкерлер де ереуілге шығады

Францияда ереуіл ауқымы кеңейіп келеді.

948960
Мемлекеттік қызметкерлер де ереуілге шығады

Францияда өткен ай басталған ереуілге қатысқан мемлекеттік қызметкерлер 22 мамырда қайтадан жұмысқа шықпайды.

Франция жалпы кәсіподақтар конфедерациясының өкілі үкіметтің реформа жобасына наразылық білдіру және қызметкерлердің сатып алу күшін қорғау үшін 22 мамырда ереуілге шығу шешімін қабылдағандарын білдірді.

Үкімет 2022 Мемлекеттік жоспар деп аталатын реформа аясында 120 мың мемлекеттік қызметкерді қысқартуға дайындалуда.

Елдегі шамамен 5,5 миллион мемлекеттік қызметкер санын қысқарту арқылы үкімет 2020 жылдан бастап жылына 4,5 миллиард евро үнемдеуді жоспарлап отыр.



Ұқсас жаңалықтар