АҚШ-тың «ақырзаман» деп аталған ұшағы көтерілді

АҚШ-ның «ақырзаман» ұшағы деп аталған «E-4B Nightwatch» типі ұшағына тапсырма бергені алға тартылды.

949981
АҚШ-тың «ақырзаман» деп аталған ұшағы көтерілді

АҚШ-ның «ақырзаман» ұшағы деп аталған «E-4B Nightwatch» (түңгі күзет) типі ұшағына тапсырма бергені алға тартылды.

‘E-4B Nightwatch’ ұшағы АҚШ Әуе күштерінің қызметіндегі «Boeing 747-200» ұшақтарының ядролық шабуыл ықтималы кезінде штаб орталығы ретінде қолдану мақсатты жобаланған және жабдықталған нұсқауы болып табылады.

‘E-4B Nightwatch’ аспанда қосымша жанармай құйып, 1 апта бойынша ұша алады. E-4B-де жабдықталған құрал-саймандар болса ядролық жарылыс ықпал етпейтіндей қорғалған.

Ұшақтың неліктен ұшқаны жөнінде әлі нақты бір ақпарат берілмеді. Бұл ұшақтардың кейбіреулері шетел саяхаттарында АҚШ президентінің ұшағына қоса, ұшады.

АҚШ әскери теңіз флоты тарапынан Жерорта теңізіне бағыттаған «USS Harry Truman» ұшақ кемесі және басқа да соғыс кемелері Вирджинияның Норфолк (Norfolk) теңіз базасынан жолға шықты.

Халықаралық агенттіктер бөліскен фотосуреттерде мыңдаған АҚШ әскерінің жанұясымен қоштасқаны байқалады.

Осыған қоса соғыс кемелеріне неміс «FGS Hessen» фрегаты қосылып, Жерорта теңізіне қарай ілгерілейді.



Ұқсас жаңалықтар