Хамас Израильдің халықаралық сотта жауапқа тартылуын талап етті

Израиль Қорғаныс министрінің жазықсыз палестиналықты атып өлтірген әскерді мақтағаны үшін халықаралық сотта жауапқа тартылуын талап етті.

948759
Хамас Израильдің халықаралық сотта жауапқа тартылуын талап етті

Хамас жазықсыз палестиналық бір жас жігіттің мерген тарапынан шәйіт етілуінің артынан Израиль Қорғаныс министрі Авигдор Либерманның атып өлтірген әскерді мақтаған мәлімдемелері үшін Израиль үкіметінің халықаралық сотта жауапқа тартылуын талап етті.

Хамас мәлімдемешісі Февзи Берхум жасаған жазбаша мәлімдемеде Либерманның палестиналық жас жігітті шәйіт еткен әскерді мақтауының «қастандықты заңдастыру» және «қорғаныссыз жазықсыз адамдардың өлтірілу қылмысының ресми түрде қабылдануы» деген мағынаға келгенін және Палестина халқы бетпе-бет қалған террордың тұғырын көрсеткенін атап көрсетті.

Берхум «Бұл жағдай басқыншы үкімет пен лауазымдыларын халықаралық сотта жауапқа тартып, бас тартқызатын жаза беруді және жасалған қылмыспен бұзушылықтардың тоқтатылуын қажет етеді» деді.

Израиль басқыншылығындағы Голан төбелерінде өткізген бір іс-шарада баяндама жасаған Либерман «Мерген мақтауға ие, бірақ оны бейне камераға түсірген әскерді соттау керек» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар