Америка соғыс кемелерін Жерорта теңізіне жолдайды

Американ әскери-теңіз флотының «USS Harry Truman» атты ұшақ кемесі мен 7 эсминецті Жерорта теңізіне жолдайды.

948662
Америка соғыс кемелерін Жерорта теңізіне жолдайды

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) әскери-теңіз флоты мәлімдемесінде «USS Harry Truman» атты ұшақ кемесі мен қасында жүзетін кемелердің бүгін Норфолк (Norfolk) портына жолға аттанатыны және АҚШ-тың 5 пен 6-шы флот аймақтарында міндет атқаратыны білдірілді.

Мәлімдемеге қарағанда ұшақ кемесіне қоса, тұмсықты зымыран круизі «USS Normandy», тұмсықты зымыран эсминецтері «USS Arleigh Burke», «USS Bulkeley», «USS Forrest Sherman» және «USS Farragut» атты соғыс кемелері жолға аттанады.

«USS Jason Dunham» және «USS The Sullivans» эсминецтерінің болса оларға кейін қосылатыны атап көрсетілді.

6 мың 500 қызметкер мен 1-ші әуе қолбасшылығына қарасты соғыс ұшақтарымен жолға шығатын топқа қысқа уақыттан кейін неміс фрегаты «FGS Hessen»-нің қосылатыны білдірілді.

Сирия режимінің қоршауындағы Дума ауданында химиялық қару қолданысына қатаң қарсылық беруге дайындалып жатқан АҚШ әкімшілігі «USS Harry Truman» ұшақ кемесі тобының аймаққа жіберілуі кеменің Сирияға қарсы бір операцияға қатысу үшін жіберілгені пайымдарына себеп болды.

АҚШ әскери-теңіз флоты жасаған мәлімдемеде аталмыш операцияның бұрын жоспарланғаны алға тартылды.

«USS Harry Truman» ұшақ кемесі тобы 2016 жылы террор ұйымы ДАИШ-пен күреске қолдау беру үшін Жерорта теңізіне жіберілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар