ИЫҰ Думадағы химиялық қару шабуылын айыптады

Дума ауданында әлі 100 мың адам қысым астында өмір сүруде.

947017
ИЫҰ Думадағы химиялық қару шабуылын айыптады

ИЫҰ Думадағы химиялық қару шабуылын айыптады.

Ислам ынтымақтастық ұйымы Сирия режимінің Думадағы химиялық қару шабуылын айыптады.

Ислам ынтымақтастық ұйымынан жасалған жазбаша мәлімдемеде Асад режимі тарапынан Сирияның астанасы Дамаскіге қарасты Шығыс Гутаның Дума ауданына ұйымдастырылған химиялық қару шабуыл қатал түрде айыпталды.

Мәлімдемеде аталмыш химиялық қару шабуылдың бейуаз халықтың қаза табуына себеп болғаны, сондай-ақ халықаралық құқық пен адамдық принциптерге қайшы екені баяндалды. Сонымен қатар бұның соғыс қылмысы екені білдірілді.

Ислам ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Юсуф әл-Усеймин де «Башар Асадтың елді мекендерге және қорғаусыз халыққа бағытталған шабуылдарын қатал түрде айыптаймын» деген сөздер қолданды.

Сирия режимі тарапынан Дума ауданында сенбі күні ұйымдастырылған химиялық қару шабуылында 78 адам қаза тапқан болатын.

Дума ауданында әлі 100 мың адам қысым астында өмір сүруде.


Этикеттер: #Ислам , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар