АҚШ химиялық қару шабуылына наразылық көрсетті

АҚШ Сыртқы істер министрлігі Дума ауданына жасалған химиялық қарумен шабуыл тақырыбында жазбаша мәлімдеме жасады.

946618
АҚШ химиялық қару шабуылына наразылық көрсетті

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) Сирияда режимнің қоршауындағы Шығыс Гутаның Дума ауданына Асад күштері тарапынан химиялық қару шабуылы жасағаны туралы хабарлар расталған кезде халықаралық қоғамның бұған дереу наразылық көрсету керектігін білдірді.

АҚШ Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Неатер Науерт Асад күштерінің қоршауындағы Дума ауданына жасалған химиялық қарумен шабуыл тақырыбында жазбаша мәлімдеме жасады.

Науерт «7 сәуір күні қайтадан химиялық қару қолданылғаны жөніндегі жаңалықтарды жақыннан қадағалаудамыз. Егер бұл опасыз шабуыл расталған жағдайда, жедел түрде халықаралық қоғамның наразылық көрсетуі керек» деді.

АҚШ-тың Сирияда химиялық қару қолданғандарды жауапқа тарту үшін жұмыстарын жалғастырғанын атап көрсеткен Науерт Сирияда Асад күштерінің алдында да өз халқына қарсы опасыз химиялық қару шабуылы жасағанына назар аударды.

Науерт мәлімдемесінде «Асад күштері мен қолдаушыларын ұқсас шабуылдарды қайталамауы үшін тез арада жауапқа тарту керек. Ресей Сирия режиміне берген шексіз қолдауымен бұл қорқынышты шабуылдарда, бейбіт халықтың нысанаға алынуына және Сирияның бейшара халқына қарсы бағытталған химиялық қару шабуылында үлесі бар. Ресей одақтасы Сирия режимін қорғап, БҰҰ кепілі ретінде берген уәделерді де орындамады. Ресей БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі және Химиялық қарулар туралы келісімге сатқындық жасады» деді.

Мәлімдемеші Науерт АҚШ-тың Ресейге Асад күштеріне берген толық қолдауды жедел тоқтатуға шақырды.



Ұқсас жаңалықтар