АҚШ Манбиджке қосымша әскер жіберді

АҚШ армиясы Евфрат операциясы аймағы желісіне 300 қосымша әскер мен көлік жіберді.

942052
АҚШ Манбиджке қосымша әскер жіберді

Сирияның Манбидж аймағына Түркиядан бағытталған операция белгілері артқан соң АҚШ армиясы аймақтағы күштеріне қосымша әскер мен көлік жіберді.

Анадолы агенттігінің Манбиджтегі сенімді жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда, АҚШ күштері Евфрат өзенінің батысындағы Манбидж ауданына қосымша әскери қызметкер жіберді.

АҚШ террор ұйымы PKK/PYD-YPG басқыншылығындағы Манбидж ауданының батыс бөлігінде орын алған Евфрат операциясы аймағының майдан желісіне 300 әскер мен көптеген сауытты көлік және бульдозерлер жіберді.

АҚШ күштері Евфрат операция аймағы мен PKK/PYD-YPG арасында майдан желісін құрайтын Саджу ағысы мен ауданның батысындағы Зуб-ул Бейн ауылы тарапына қоныстанды.



Ұқсас жаңалықтар