"Трамп Халықаралық мейманханасы" сотқа беріледі

АҚШ президенті Дональд Трамп атазаңды бұзғаны үшін сотталмақ.

939896
"Трамп Халықаралық мейманханасы" сотқа беріледі

Президентті соттауға рұқсат берген Мэриленд штаты сот төрешісі Петер Месситте прокурорлардың тек қана Вашингтондағы Трамп халықаралық мейманханасына назар аудару керектігін атап көрсетті.

Төреші Трамптың Флоридадағы фирмалары мен басқа байлықтарын болса соттан тыс қалдырды.

Шешімінде тікелей «Трамптың шетелден сыйлық алу арқылы қосымша табыс түсіргені» айыбына тоқталмаған сот төрешісі тек қана Трамп Халықаралық мейманханасымен байланысты айыптаулардың қадағаланатынын жариялады.

Месситте АҚШ-ға келген шетелдік делегация мен өкілдердің Трампқа жағымды болу үшін әсіресе Трамп Халықаралық мейманханасында қонуды таңдап, аймақтағы ұқсас қызмет салалары үшін әділетсіз бәсекелестік тұрғысынан қиыншылықтар туғызғаны еске салынды.

Трамптың АҚШ президенті болуынан және шетелдік делегациялардың мейманхананы бір «байланысу» құралы ретінде көруі себепті түскен пайданың мөлшері де сотта қолға алынады.

Мэриленд және Вашингтон прокурорларының маусым айында жасаған сот шағымдарында Трамп Халықаралық мейманханасының аймақтағы басқа мейманханалар мен қызмет орындарына қиыншылық туғызғаны, мейманхананың арнайы салық жеңілдіктерінен пайдаланғаны және жалпы Дональд Трамптың шетелдіктерден табыс түсіргені алға тартылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар