АҚШ Кимнің Қытай сапарына болымды қарауда

Сандерс күнделікті баспасөз жиналысында Солтүстік Кореямен байланысты сұрақтарға жауап берді.

940020
АҚШ Кимнің Қытай сапарына болымды қарауда

Сандерс күнделікті баспасөз жиналысында Солтүстік Кореямен байланысты сұрақтарға жауап берді.

КХДР басшысы Ким Чен Ын 25-28 наурыз күндері аралығында Қытайға сапарлай барып, Қытай басшыларымен кездесу өткізген еді.

Америка Құрама Штаттары ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен КХДР басшысы Ким Чен Ын арасында Бейжіңде өткізілген кездесуді болымды бағалағанын жариялады.

Ақ Үй мәлімдемешісі Сара Сандерс күнделікті баспасөз жиналысында Солтүстік Кореямен байланысты сұрақтарға жауап берді.

Сандерс Си мен Ким арасындағы кездесуі жөніндегі сұраққа орай «ҚХР төрағасы Си Цзиньпин мен КХДР басшысы Ким Чен Ын арасында өткізілген кездесуі Солтүстік Кореяға жасалған шаралардың пайдалы болғанының бір дәлелі болып табылады. Ким Чен Ынды Солтүстік Кореяның лидері болғаннан кейін тұңғыш рет шетелде көрдіңіз. Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасындағы кездесудің көкжиегі байқалды, сондай-ақ осы процесті тіпті ілгері апаруды жалғастырамыз» деген сөздер қолданды.

Сара Сандерс АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ким Чен Ын арасында мамыр айында өткізілетін кездесуге байланысты болса, «Бұл жаһандық деңгейдегі бір кездесу және бұның мүмкіндіктің барынша тез, әрі сәтті болуына сенімді болуымыз керек. Бұдан бұрын Солтүстік Корея осы ұсынысты жасады, біз де қабылдадық» деді.


Этикеттер: #АҚШ , #Қытай

Ұқсас жаңалықтар