АҚШ президенті Дональд Трампты соттауға рұқсат берілді

Мэрилендтегі бір сот төрешісі АҚШ президентін соттауға рұқсат берді.

939705
АҚШ президенті Дональд Трампты соттауға рұқсат берілді

Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трамптың атазаңды бұзғаны себепті соттауға рұқсат берілді.

Президентті соттау рұқсаты Мэрилендте бір сот төрешісі тарапынан берілді.

Мэриленд төрешісі Трампқа тиесілі фирмалардың шетелдік үкіметтерден төлемдер қабылдауының АҚШ атазаңына қарама-қайшы екені алға тартылып, қозғалған қылмыстық-іс Әділет министрлігінің наразылығын қабылдамады.

Шешім Трамптың Мэриленд пен Вашингтондағы фирмаларының қаржы құжаттары мен шетелдік байлықтары сияқты тақырыптарда тергеу бастаудың алды ашылды.

Президенттік қызметтің күшін фирмаларының мүддесіне қолданумен айыпталған АҚШ президенті Ақ Үйде фирмалары үшін бір келісім жасаумен айыпталуда.

Трампқа қарсы айыптаулар арасында сыбайлас жемқорлық, өзі жеңіске жеткен 2016 жылғы президенттік сайлауға орыстардың қатысы жайлы тергеу мен Стефани Клиффорд атты бір әйелмен 2006 жылы некесіз қатынасы сияқты айыптаулар орын алады.

Қылмыстық-іс қозғалған жағдайда нәтижесінің Трамптың міндеттен кетуіне дейін баратыны алға тартылуда.



Ұқсас жаңалықтар