Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті сыбайлас жемқорлықпен айыпталуда

Оңтүстік Кореяның бұрынғы мемлекет басшысы Ли Мёң Бак міндетін теріс пайдалану, сыбайлас жемқорлықпен айыпталуда.

933007
Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті сыбайлас жемқорлықпен айыпталуда

Йонхап агенттігінің хабарына қарағанда өткен апта Мёң Бакты 21 сағат бойынша жауапқа тартқан прокуратура соттан бұрынғы мемлекет басшысын тұтқындау туралы үкім шығаруын талап етті.

Үкім шыққан жағдайда Ли Мёң Бак Оңтүстік Кореяның қылмыспен айыпталып тұтқындалған төртінші бұрынғы президенті болмақ.

Оңтүстік Кореяда 2008-2013 арасында міндет атқарған Лидің барлау агенттігі, іскерлер мен басқа да лауазымдылардан 10,3 миллион доллар пара алғаны алға тартылады.

Ли құжаттарда туған ағасы Ли Санг-еугтың атына тіркеулі авто бөлшек фирмасы «DAS»-қа пайда түсіру үшін мәртебесін пайдаланумен айыпталуда.

Бұрынғы президент Ли өзі жайлы айыптауларды мойындамауда. Лиден кейінгі президент Пак Кын Хе де өткен жылы президенттік міндеттен алынған болатын.

Міндетін теріс пайдалану және сыбайлас жемқорлықпен айыпталған Пак үшін прокурорлар 30 жылға сотталуын талап етуде.



Ұқсас жаңалықтар