АҚШ-тың Әділет комиссиясы жедел түрде жиналысқа шақырылды

АҚШ Сенатының Әділет комиссиясы мүшесі Патрик Леах комиссия жиналысы үшін шақыру жасады.

932084
АҚШ-тың Әділет комиссиясы жедел түрде жиналысқа шақырылды

Америка Құрама Штаттары Сенатының Әділет комиссиясы жоғары деңгейлі мүшелерінің бірі Патрик Леах президент Трамптың Федеральдық тергеу бюросын (FBI) нысанаға алғанын алға тартып, комитетті жедел түрде жиналысқа шақырды.

Демократ партиялы сенатор Леах комитет мүшелеріне жіберген хатта президент Дональд Трамптың FBI-ды «саяси материалға» айналдырғанын алға тартты.

Президент Трамптың FBI директор орынбасары Андрев Мак-Кайбті міндеттен алуының артынан Леах жасаған шақыруда «Президент Трамп FBI-ды нысанаға алып отыр. FBI-ға және одан ауқымды түрде еліміздің мекемелеріне зиян келтірілуде. Бұл жағдай біз байқап отырған барлық дағдарыстардан да маңызды және партияларымыздан бөлек шешімдер қабылдауымыз керек» деп жазылған.

Комитеттің аталмыш жиналысты қай уақытта өткізетіні жайлы мәлімдеме жасалмады.

АҚШ Орталық барлау ұйымының (CIA) бұрынғы директоры Джон Бреннан әлеуметтік медиа арқылы Трампты нысанаға алып, «Парақорлықтарын, әдепсіздігін ортаға шыққан кезде абройын түсіп, тарихтың шаң басқан беттеріндегі орныңды табасың. Анди Мак-Кайбті айыптауың мүмкін. Бірақ АҚШ-ты қирата алмайсың, АҚШ сені жеңеді» деп мәлімдеген болатын.

АҚШ Әділет министрі Джефф Сессионс жұма күні Мак-Кайбті зейнетке шығуына 2 күн қалған кезде міндеттен алғанын жариялаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар