Сирияда соғыс қылмысы жасалды

Асад күштері мен олармен одақтас қарулы топтардың азаматтарды зорлағаны білдірілді.

931044
Сирияда соғыс қылмысы жасалды

Сирияда Асад әкімшілігіне қарасты күштер мен олармен одақтас қарулы топтардың әйел, қыз және ер адамдарды зорлап, соғыс қылмысын жасағаны білдірілді.

БҰҰ Халықаралық тәуелсіз Сирия тексеру комиссиясының жаңа есебінде Сирияда Асад күштері мен олардың одақтастарының оппозицияны жазалау үшін әйелдер, қыздар және ер адамдарға жыныстық зорлық-зомбылық жасағаны айтылды.

Комиссия Сирияда 2011 жылдың наурыз айында басталған азаматтық соғысқа 7 жыл толуына орай жаңа есеп жариялады.  

29 беттен тұратын есепте Сирия соғысында қырғыннан аман қалған құрбандар мен ағайындары,  куәгерлер,  босқындар және медициналық қызметкерлердің 454 сұхбаты орын алған.


Этикеттер: #Сирия , #БҰҰ , #қылмыс

Ұқсас жаңалықтар