НАТО делегациясы Катарда

НАТО делегациясының сапарының мерзімі мен мазмұны жөнінде мәлімет берілмеді.

931068
НАТО делегациясы Катарда

Катар Қорғанысқа жауапты мемлекеттік министрі Халид әл Аттие ресми кездесулер жүргізу мақсатымен елге келген НАТО делегациясымен кездесті.

Катар Қорғаныс министрлігіне қарасты Рухани бағыттау дирекциясының хабарламасына қарағанда,  Микдам штабында болған кездесуде Катар мен НАТО арасындағы ынтымақтастықты арттырудың жолдары мен Шығанақ, Сирия дағдарыстары талқыланды.

Хабарламада НАТО делегациясының сапарының мерзімі мен мазмұны жөнінде мәлімет берілмеді.


Этикеттер: #Катар , #НАТО

Ұқсас жаңалықтар