АҚШ-та Ислам орталығына шабуылдаған күдіктілер ұсталды

Миннесотада «Dar al-Farooq İslam» орталығының мешітіне бомбалы шабуыл жасаған 4 күдікті ұсталды.

929140
АҚШ-та Ислам орталығына шабуылдаған күдіктілер ұсталды

Америка Құрама Штаттарының Миннесота штатында өткен жылы тамыз айында бір мешітке бомбалы шабуыл жасағаны алға тартылған 4 күдікті ұсталды.

Штат прокуратурасы жасаған мәлімдемеде аталмыш 4 күдіктінің «автоматты қару жасыру» айыбымен тұтқындалғаны білдірілді.

Прокуратура күдіктілердің 2017 жылы 5 тамыз күніне дейін Миннесота штатындағы «Dar al-Farooq İslam» орталығының мешітіне шабуылдаған күдіктілер екені атап көрсетілді. Аталмыш күдіктілердің қараша айында бір клиникаға да шабуылдағаны атап көрсетілді.

Миннесотаның «Bloomington» аймағындағы «Dar Al-Farooq İslam» орталығына таң намазы алдында жасалған және имам бөлмесі өртенген шабуыл ел көлемінде үлкен наразылықтар туғызған болатын.

Шабуылдың артынан жергілікті полиция мен Федеральдық тергеу бюросы (FBI) тергеу бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар