Орташығыс аймағына қару сату саудасы екі есе артты

АҚШ  2013-2017 жылдары арасында қару экспортының жартысын Орташыығсқа жасады.

927892
Орташығыс аймағына қару сату саудасы екі есе артты

Орташығыс аймағына қару сату саудасы екі есе артты. 

Стокгольм халықаралық бейбітшілік зерттеу институттың рапортына қарағанда Орташығыс елдеріне қару импорттары 2013-2017 жылдары арасында бұрынғы бес жылмен салыстырғанда екі есе артты.

Әлемдегі қаруы сауданы зерттеген Стокгольм халықаралық бейбітшілік зерттеу институтының рапортында Америка Құрама Штаттарының қару экспортында бірінші орынды қорғағаны білдірілді.

АҚШ және Германияны қамтыған Еуропа елдері Орташығыста жасалған қару саудасында басты орынды иелеуде.

Аймақтағы ең үлкен қару импортшысы болса Сауд Арабиясы.

2015 жылынан осы таңға дейін Йеменде әскери операция жүргізген сауд Арабиясының 2013-2017 жыл арасындағы қару импорты бұрынғы бес жылмен салыстырғанда 225 пайыз артты.

Рапорт әлемдегі қарулардың үште бір пайызының АҚШ тарапынан қамтамасыз етілгенін және Вашингтонның қару экспортының соңғы бес жылда бұрынғы бес жылмен салыстырғанда 25 пайыз артқанын ортаға қойды.

АҚШ осы кезеңде қару экспортының жартысын Орташыығсқа жасады.

Қару саудасында АҚШ-тан кейін ретімен Ресей, Франция, Германия және Қытай орын алуда.

Зерттеулерге қарағанда Түркия 2013-2017 жылдары арасында бұрынғы бес жылмен салыстырғанда қаруы сатуын 145 пайыз арттырды.

 


Этикеттер: #АҚШ , #Қытай , #Ресей

Ұқсас жаңалықтар