Лавров АҚШ-ты айыптады

Лавров АҚШ-тың басқа елдердің ішкі істеріне араласқанын айтты.

925843
Лавров АҚШ-ты айыптады

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарының басқа елдерінің ішкі істеріне килігуінің нео-империализм тұғырының нәтижесі екенін айтты.

Зимбабвенің астанасы Харареде қаласында Зимбабве сыртқы істер министрі Simbarashe Mumbengegwiмен кездескеннен кейін ұйымдастырылған ортақ баспасөз жиналысында сөз сөйлеген Лавров бұның алдында АҚШ газетінде Вашингтон әкімшілігінің талай жылдан бері басқа елдердегі сайлауларға және ішкі істеріне киліккенін түсіндірген бір мақала жариялағанын еске салды.

Лавров «Килігу арқылы аталмыш елдерге еркіндік және демократия апарғандарын алға тартуда. Әрине біз мұндай көзқарасқа әсте қосылмаймыз. Бұлардың нео-империализм бір тұғыр екенін ойлаймын. Сондай-ақ Ресей мұндай жұмыстармен айналыспайды» деген сөздер қолданды.

Лавров «АҚШ және кейбір батыс елдері әр күні Ресейдің басқа елдердің ішкі істеріне араласқанын алға тартуда.  Ресей басқа елдердің ішкі істеріне әсте киліккен жоқ. Осы пайымдауды ортаға қойған елдер дәлел көрсете алмауда» деді.



Ұқсас жаңалықтар