Кеше Шығыс Гутада 28 адам ажал құшты

Шығыс Гутаның көптеген елді мекеніне ұйымдастырылған шабуылда 28 адам ажал құшты.

925051
Кеше Шығыс Гутада 28 адам ажал құшты

Шығыс Гутаның көптеген елді мекеніне ұйымдастырылған шабуылда 28 адам ажал құшты.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімі және Ресей жариялаған 5 сағаттық атысты доғару келісіміне қарамастан Сирияда Башар Асад режимі және қолдаушылары тарапынан Шығыс Гутаның көптеген елді мекеніне ұйымдастырылған шабуылда 28 адам ажал құшты.

Асад режимі және Ресей соғыс ұшақтарының кеше кеште Хаммариеге жасаған бомба шабуылында көбі әйел мен бала болып, 20 адам қаза тапты.

Жарақат алғандар азаматтық қорғаныс топтары тарапынан аймақтағы ауруханаларға апарылуда. Шабуылдар жалғасуда және қаза тапқан адам санының артуы алаң туғызуда.

Аймақтағы Азаматтық қорғаныс тобының басшылары әуе шабуылында атылған бомбадан улы газдың таралғанын, алайда халықтың үңгірлерге тығылғаны себепті газдардан зардап шекпегенін пайымдады.

Режим күштері және оның қолдаушыларының оппозициялардың бақылауындағы Шығыс Гутаға 19 ақпан және  6 наурыз аралығында ұйымдастырған әуе және құрлық шабуылдарында 834 адам ажал құшқан еді. Кеше таңертеңгі шабуылдармен қоса соңғы 17 күнде қаза тапқан адам саны 862-ға ұласты.



Ұқсас жаңалықтар