Ресей президенті Сириядағы жағдайды бағалады

Ресей президенті Путин елі мен Түркия және Иран арасында жасалған келісімдердің мақсатына жете бастағанын білдірді.

924606
Ресей президенті Сириядағы жағдайды бағалады

Ресей президент Владимир Путин елі мен Түркия және Иран арасында Сирия тақырыбында жасалған келісімдердің мақсатына жеткенін білдірді.

Путин журналист Владимир Соволевтің сұрақтарына жауап қайтарды.

Соволев «2018 жылы Әлемнің тәртібі» атты деректі фильмде Ресей президенті Владимир Путинге басқа елдерге сенудің мүмкін бе екенін сұрады.

Путин «Сену дегеніміз не? Әр мемлекет өз мүддесін ойлайды. Ресей де, Таяу Шығыс елдері де, Иран да, Сауд Арабиясы да, Мысыр да, Израиль де, Иордания да... Америка Құрама Штаттары, Қытай және Үндістан сияқты жаһандық актерлердің де мүдделері бар. Әрине Ресейдің де. Мүддеміздің құрметтелуін қалайтын болсақ, алдымен басқа елдердің мүдделерін құрметтеуіміз керек. Бұл қиын бір кезең» деді.

Путин мәлімдемесінде «Аймақ елдері арасындағы ынтымақтастықтар қаншалықты қиын болса да, Түркия және Иранмен келіссөз үстеліне отырып, кейбір келісімдердің кепілі болдық. Осы келісімдер қазір мақсатына жете бастады» деді.



Ұқсас жаңалықтар