БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі кезектен тыс жиналады

Шығыс Гутадағы орындалмаған бітім талқыланады.

924310
БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі кезектен тыс жиналады

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Сирияда «орындалмаған» бітім шешімін талқылау үшін бүгін жиналады.

Франция мен Ұлыбританияның талабына орай өткізілетін жиналыста Сирияда 30 күн гуманитарлық бітім шешімінің орындалуы талқыланады.

Ағылшын дипломат Stephen Hickey Твидтер есебінен Франция мен Біріккен Корольдықтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің нөмірі 2401-ші қарарының орындалуын «табыссыз» деп атап,  тақырыпты қолға алу мақсатында «кезектен тыс жиналыс» талап еткендерін хабарлады.

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі 24 ақпан күнгі шешімінде Шығыс Гута бастаған Сирия көлемінде бейбіт халық үшін атысты тоқтату келісімінің жариялануын сұраған болатын. «Кешіктірілместен» орындалуына шешім берілген бітімнің қалай басталатыны болса белгісіз болып қалған еді.

Ресей 27 ақпан күні бітімнің күн сайын сағат 09.00-14.00 арасында өтімді болатын түрде басталғанын жариялап,  Асад әкімшілігінің осыған бағынатынын алға тартқан еді.

Оппозициялық топтың бақылауындағы Шығыс Гутада 400 мың адам бес жылдан бері қоршауда өмір сүріп келеді.



Ұқсас жаңалықтар