Шығыс Гутадағы жағдай өте ауыр

Шығыс Гутада соңғы 15 күн ішінде қаза тапқан халық саны 810-ға ұласты.

923409
Шығыс Гутадағы жағдай өте ауыр

Сирияда Асад режимі және оның жақтаушыларының Шығыс Гутадағы түрлі елді мекендерге жасаған шабуылдарда 54 адам ажал құшты. Шығыс Гутада соңғы 15 күн ішінде қаза тапқан халық саны 810-ға ұласты.

Асад режимі және оның жақтаушылары алдыңғы күні Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің атысты доғару шешіміне көз жұмып, Ресейдің әуе күштерінің қолдауымен құрлық операциясына бастаған.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 24 ақпан күні жасаған шешімімен Шығыс Гута болып жалпы Сирия бойынша жай халық үшін гуманитарлық атысты доғаруын жариялануын талап еткен еді. Ресей БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі шешімінен кейін 27 ақпан күні атыс доғаруының әр күні жергілікті сағат 09.00-14.00 аралығында күшіне ие болатын түрде жариялап, режимнің бұған бойсұнуын талап еткен болатын.

Оппозициялардың бақылауындағы Шығыс Гутада мөлшермен 400 мың адам қысым астында өмір сүруде. Шығыс Гута Астана келісімінде «Дағдарысты азайту аймағы» деп жариялануына қарамастан, Ресейдің кепілгерлігіндегі Асад режимі өткен жылы сәуір айынан бастап аймаққа бағытталған қысымын арттырған еді.  Шығыс Гутада көптеген бала мен әйел ашаршылық және аурудан опат болды.


Этикеттер: #БҰҰ , #Астана , #Сирия

Ұқсас жаңалықтар