Төртінші рет премьер-министр болады

Германия президенті премьер-министрлікке Меркельді ұсынды.

923144
Төртінші рет премьер-министр болады

Германияда президент Франк Вальтер Штайнмайер Христиан демократ бірлік партиясы  (CDU)   төрайымы Ангела Меркельді премьер-министрлікке кандидат қылып ұсынды.

Президенттік аппараттың хабарламасында Штайнмайердің Атазаңға сай Меркельдің атын премьер-министр ретінде Федералдық мәжіліске ұсынғаны айтылды.

Меркельдің Федералдық мәжілісте 14 наурыз күні ұйымдастырылуы көзделген отырыста төртінші мәрте премьер-министр ретінде сайлануы мүмкін.

Меркель бүгін «енді үкіметті жылдам құрып,  жұмыс бастаудың уақыты келді» деген болатын.



Ұқсас жаңалықтар