"Атысты тоқтату шешімі террормен күресті қамтымайды"

Ресей президенті Сирияда алдынғы күні қабылданған атысты тоқтату шешімінің террормен күрес операциясын қамтымағанын атап көрсетті.

918071
"Атысты тоқтату шешімі террормен күресті қамтымайды"

Ресей президенті Владимир Путин Сирияда алдынғы күні қабылданған атысты тоқтату шешімінің террормен күрес операциясын қамтымағанын атап көрсетті.

Путин Франция президент Макрон және Германия канцлері Ангела Меркельмен кеше телефонмен әңгімелесіп, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Сирия үшін қабылдаған атысты тоқтату шешімін бағалады.

Кремлден жасалған мәлімдемеге қарағанда «Шығыс Гутадағы жаңалықтар және бұл аймақ пен Сирияның басқа аймақтарына гуманитарлық жәрдем жеткізуді қамтамасыз ету тұрғысынан Сирия мәселесі қолға алынды. Бірге атқарылған жасампаз жұмыстар арқылы 24 ақпан күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2401 санды шешімінің қабылдануына ризашылық тілге тиек етілді. Шешім үкімдерін толық және жылдам түрде іске асыру туралы ортақ талпыныстарды жалғастырудың маңыздылығына назар аударылды» делінді.

Путиннің Макрон мен Меркельге Ресейдің Сирияда бейбіт халықты эвакуациялау, әрі гуманитарлық, әрі жаралылар үшін медициналық жәрдем материалдарын қамтамасыз ету мақсатымен басылған қадамдар жайлы мағлұмат берілген мәлімдемеде атысты тоқтатудың террористік топтарға бағытталған әскери операцияларды қамтымағанына ерекше назар аударылғаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар