Шығыс Гутадағы адамдық трагедия алаң туғызуда

Небензя «Шығыс Гутадағы жағдайды қолға алу үшін Қауіпсіздік Кеңесін жиналуға шақырамыз» деді.

915518
Шығыс Гутадағы адамдық трагедия алаң туғызуда

Шығыс Гутадағы адамдық трагедия алаң туғызуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Зейд Раад Әл-Хүсейін Сирияда Башар Асад режимінің қысымы астындағы Шығыс Гутаға 4 ақпан күнінен бері ұйымдастырылған шабуылдарда 346 адамның ажал құшқанын жариялады.

Шабуылда 878 адамның да жарақат алғанын түсіндірген Хүсейін атысты тоқтату жөнінде үндеу тастады.

Хүсейін жасаған жазбаша мәлімдемесінде Шығыс Гутада мыңдаған адамның соңғы 5 жылдан бері бомбаның астында қалғанын білдірді.

Тек дүйсенбі күні 13 сағат ішінде 92 адамның қаза тапқанын мәлімдеген Хүсейін Асад режимі және одақтастарының 4 ақпан күнінен осы таңға дейін Шығыс Гутаға аясыз шабуыл жасағанын айтты. Хүсейін Шығыс Гутада былықпа болғанын және тағы да көптеген адамның қаза табуы мүмкіндігін атап өтті.

Осы барыста Ресейдің БҰҰ тұрақты өкілі Василий Небензя БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне үндеу тастады.

Небензя «Шығыс Гутадағы жағдайды қолға алу үшін Қауіпсіздік Кеңесін жиналуға шақырамыз» деді. 



Ұқсас жаңалықтар