Үндістанда бомбалы шабуыл

Үндістанның солтүстік шығысындағы Мегхалая уәлаятындағы шабуылда 1 депутат барлығы 4 адам қаза тапты.

913269
Үндістанда бомбалы шабуыл

Жергілікті баспасөзге қарағанда шабуылдаушылар Мегхалая уәлаяты мәжілісінің депутаты Джонатан Н. Сангманды нысанаға алған.

Сайлау науқанынан оралған Ұлттық Конгресс партиясы үміткері Сангман және жақтаушыларының керуені «East Garo» төбелері аймағынан өткен кезде жолға орналастырылған бомба жарылды.

Шабуылда Сангман мен қасындағы 3 адам қаза тапты. Полиция шабуылмен байланысты тергеу бастады.



Ұқсас жаңалықтар