Лавров АҚШ-тың Сирияда орынсыз киліккенін айтты

Лавров АҚШ-тың Сирияда орынсыз киліккенін және жаман ниетті тұғыр ұстанғанын мәлімдеді.

912278
Лавров АҚШ-тың Сирияда орынсыз киліккенін айтты

Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Ларов Америка Құрама Штаттарының Сирияда орынсыз киліккенін айтты.

Лавров Америка Құрама Штаттарының Сириядағы әрекеттеріне басынан бастап террор ұйымдары PKK/KCK/PYD-YPG-ге қолдау көрсеткенін және Түркияның мазасыздығын көргісі келмегенін білдірді.

Германияның Мюнхен қаласында ұйымдастырылған 54-ші Халықаралық қауіпсіздік конференциясына қатысқан Лавров бір теледидар каналында сұхбат жасады.

АҚШ-тың Сирияда 2-3 жылдан бері заңсыз орналасқанын баяндаған Лавров Вашингтонның Сириядағы әрекеттеріне PKK/KCK/PYD-YPG-ні де қосқанын, сондай-ақ Түркияның мазасыздығын көргісі келмегенін білдірді.

Осы тұғырын білгенін түсіндірген Лавров Түркияның талай рет Сирия шекарасындағы аймақтың PKK/KCK/PYD-YPG-нің қолына өтуіне ешқандай түрде рұқсат бермейтінін айтқанын, бірақ АҚШ-тың Түркияның тұғырына қарамастан террористтерге қару жәрдемін бергенін атап өтті.

Лавров АҚШ-тың Сирияда орынсыз киліккенін және жаман ниетті тұғыр ұстанғанын мәлімдеді.

 



Ұқсас жаңалықтар