АҚШ Афринге қосымша PYD/PKK топтарын жылжытқандарын мойындады

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Еуропа туры аясында журналисттермен бас қосты.

908508
АҚШ Афринге қосымша PYD/PKK топтарын жылжытқандарын мойындады

АҚШ Қорғаныс министрі Джеймс Мэттис Сирияда Сирия демократиялық күштері (SDG) деген атқа көшкен бөлшектеуші террор ұйымы PYD/PKK содырларының бір бөлігін әртүрлі аймақтардан Афринге бағыттағандарын мойындады.

ДАИШ-ке қарсы күрестің Сирияда жалғасқанын атап көрсеткен Мэттис PYD/PKK-ға басшылық жасаған Сирия демократиялық күштері құрамындағы кейбір күштердің Африндегі операция алаңдағаны себепті бұл аймаққа жылжытылғанын атап көрсетті.

Мэттис «Сондай-ақ қазір Афринде жалғасқан, назарларды аударған бір жағдай бар. Бұл жағдай Сирия демократиялық күштері құрамында көпшілікті алаңдатып отыр. Достарының Афринде шабуылға ұшырағанын көріп отырады, бұл да террормен күресте олардың назарларын алдымен сол аймаққа аударады. Сол үшін кейбір қарулы топтар сол жерге бағытталды» деді.

Мэттис Түркияның шекараларында қарулы көтерілістер бар екенін атап, «Түркияның Сирия шекараларына қатысты заңды қауіпсіздік уайымдары бар және біз мұны теріске шығармаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар