Мәскеуде 71 жолаушысы мен экипажы бар ұшақ құлады

Орыс Іnterfax хабар агенттігіне қарағанда Саратов әуе компаниясының «An-148» типі рейсі Мәскеу маңында құлады.

908293
Мәскеуде 71 жолаушысы мен экипажы бар ұшақ құлады

Ресейдің бас қаласы Мәскеудің Домодедова әуежайынан ұшқан және 71 жолаушысы мен экипажы бар Саратов әуе компаниясының тиесілі жолаушы ұшағы көтерілгеннен 2 минут ткен соң радардан із-түссіз жоғалды.

Орыс "Іnterfax" хабар агенттігі Саратов әуе компаниясының «An-148» типі рейсінің Мәскеу маңында құлағанын жариялады.

Мәскеу Төтенше жағдайлар Басқармасы мәлімдемесінде ұшақтың Раменский қаласы маңында құлағаны, апаттан ешкімнің құтылмағаны атап көрсетті.

Ресейдің Кремль мәлімдемешісі Дмитрий Песков президент Путиннің Раменскийге құлаған ұшақтағы жолаушылардың жанұяларына көңіл айтқанын жеткізді.

Песков Путиннің оқиғамен байланысты арнайы комиссия құру үшін тапсырма бергенін атап көрсетті.

Мәскеуден Орскқа қарай бағытталған рейсте 65 жолаушы мен 6 экипаж бар болатын.

Ресей Қатынас министрі Максим Солоковтың тексеру үшін апат аймағына барғаны атап көрсетілді.

Солоков апаттың ауарайынан бастап ұшқыштың қателігі ықтималына дейін барлық жайттардың тексерілетінін білдірді.

Ресей тергеу комитеті оқиғаның артынан тергеу бастады.



Ұқсас жаңалықтар