Сараево мен Белград арасына жол

Бұл жолдардың салынуында Түркияның үлкен үлесі бар.

905508
Сараево мен Белград арасына жол

Босния және Герцоговинаның бас қаласы Сараево мен Сербияның бас қаласы Белград арасында екі түрлі автожол қызметке беріледі.  

Бұл жолдардың салынуында Түркияның үлкен үлесі бар.

Түркияның Құрлық жолдары бас директорының орынбасары Мехмет Туташ пен қасындағы делегация Сараевода кездесулер өткізді.

Туташ Босния және Герцоговина Коммуникация және қатынас министрі Исмир Жускомен бас қосты.

Түркияның Босния және Герцоговинадағы өкілетті және төтенше елшісі Халдун Коч та кездесуге қатысып,  жобаның алғашқы қадамының президент Режеп Тайып Ердоғанның нұсқауымен басылғанын айтты.

Коч Түркияның аталмыш жобаны өңірдің дамуы,  молшылық пен әлеуметтік бірлігі үшін маңызды қадам деп қабылдайтынын айтты.

Жолдың бірінші бағыты Сараево-Зеница-Тузла-Брко-Бежилина-Белград болады.  Екінші бағыт Сараево-Висеград-Позега-Белград болмақ.



Ұқсас жаңалықтар