Түркия мен Африн Еуропа Парламенті күн тәртібінде

Еуропа Парламенті Жалпы Кеңесінде Түркия және Африн тақырыпты бір отырыс ұйымдастырылды.

905185
Түркия мен Африн Еуропа Парламенті күн тәртібінде

Еуроодақ Сыртқы қатынастар және қауіпсіздік саясаттарына жауапты жоғары өкілі Федерика Могарини Сирия шекарасындағы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің Түркияның заңды құқығы және міндеті екенін, Анкараның уайымдарын түсінгендерін атап көрсетті.

Францияның Страсбург қаласында  жалғасқан Еуропа Парламенті Жалпы кеңесінде Түркия және Африн тақырыпты бір отырыс ұйымдастырылды.

Могарини отырыста айтқан сөзінде, Сирияда жалғасқан Зәйтүн бұтағы операциясы және Түркиядағы соңғы жаңалықтарға тоқталды.

«Түркиямен ынтымақтастығымызды әрқашан әділ және ашық түрде жалғастырдық. Қабылдау керек, Түркия өте үлкен сынақтардан өтуде. Терроризм, төңкеріс әрекеті, босқын дағдарысы және шекарадан тыс бір соғыс. Алдымен шекараларда болып жатқандардан бастап, біз Түркияның уайымдарын түсінеміз. Түркияның Сирия шекарасындағы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуі Түркияның заңды құқығы және міндеті» деді.

Түркияның Сирияда әскери операциясы басталған күннен бері жаңалықтарды жақыннан қадағалағандарын атап көрсеткен Могарини «Солтүстік Сирияда ашылған жаңа майдан уайымдарды арттырады. Бәрінен де гуманитарлық себептер бізді алаңдатуда» деді.

Могарини барлық әскери жұмыстардың террор топтарын нысанаға алу керектігін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар