БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Францияның шақыруымен жиналады

Джан-ив-ле-Дриан Кеңесті гуманитарлық жағдайдың нашарлауы себепті шақырғандарын мәлімдеді.

893919
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Францияның шақыруымен жиналады

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Францияның шақыруымен Сириядағы соңғы жаңалықтар мен гуманитарлық жағдай және жәрдемдерді жеткізудің қамтамасыз етілуі тақырыптарын бағалау үшін бүгін жиналады.

Жиналыста БҰҰ Гуманитарлық жұмыстарға жауапты Бас хатшы орынбасары Марк Лоукук Кеңес мүшелеріне Сирия сапары жайлы мағлұмат береді.

Франция Сыртқы істер министрі Джан-ив-ле-Дриан Сириядағы соңғы жағдайды бағалау үшін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін жедел жиналысқа шақырғанын жариялаған болатын.

Джан-ив-ле-Дриан Алжирдегі Батыс Жерорта теңізі елдері Сыртқы істер министрлері жиналысында журналисттерге жасаған мәлімдемеде Сириядағы соңғы жаңалықтардың уайымдарды арттырғанын айтқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар