Пәкістан мен Үндістан шекарасында қақтығыс

Пәкістан мен Үндістан әскерлері арасында бақылау бекетінде шыққан қақтығыста 2 жазықсыз адам қаза тапты.

892063
Пәкістан мен Үндістан шекарасында қақтығыс

Үндістан полициясы жасаған мәлімдемеге қарағанда екі ел әскерлері арасындағы қақтығыста Джамму Кашмир аймағына қарасты бір ауылда өмір сүрген біреуі әйел 2 адам қаза тапты.

Үндістан тарапы Пәкістан армиясының шабуылы салдарынан 10 жазықсыз адамның да жарақат алғанын атап көрсетті.

Кешегі қақтығыста да үнді әскерлерінің шабуылымен пәкістандық 2 әйел қаза тапқан болатын.

Пәкістан және Үндістан 2003 жылы шекара желісінде атысты тоқтату бітіміне қол қойып, бірақ бұл көптеген рет бұзылған болатын.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігіне қарағанда Үндістан жаңа жылдан бастап, 100 рет атысты тоқтату бітімін бұзды және үнді әскерлерінің шабуылында 9 пәкістандық қаза тапты.

Үндістан 2017 жылы атысты тоқтату бітімін мың 900 рет бұзған, бұл шабуылдарда болса 87 пәкістандық қаза тапқан.



Ұқсас жаңалықтар