"Әскери жолдармен шешу мүмкін емес"

БҰҰ Бас хатшысы өзекті мәселелерге тоқталды.

890063
"Әскери жолдармен шешу мүмкін емес"

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш Америка Құрама Штаттарының Сирияда ауыз жүзіндегі «Шекара қауіпсіздік күштері» құру жоспарына байланысты: «Сирия халқы өз проблемаларын өздері шеше алса жақсы болар еді» деді.

Гутерреш БҰҰ орталық ғимаратында өткізген баспасөз брифингінде сұрақтарға жауап берді. халықаралық қоғамның көптеген тақырыпта сәтсіз екенін және көпке созылған қақтығыс пен терроризм тақырыбына назар аударған Гутерреш: «Таяу Шығыста шешілмейтін проблемалар,  Корея түбегінде болуы мүмкін ядролық соғыс бар» деді.

БҰҰ Бас хатшысы климат өзгерісінің жылдамдағанын,  теңсіздік пен ұлтшылдықтың артқанын айтып ескерту жасады. Ол өзекті проблемаларға келісіммен шешім табуға және халықаралық ынтымақтастыққа шақырды.

Гутерреш Анадолы агенттігі тілшісінің АҚШ-тың Сирияда террористтерден армия құру жоспарына байланысты сұрағына: «Сирия халқы өз проблемаларына өзі шешім таба алса жақсы болар еді» деп жауап берді.

Женева үрдісінің жандандырылуы үшін барлық күш-қуатты салу керектігін айтқан Гутерреш Сириядағы дағдарысты әскери жолдармен шешудің мүмкін еместігін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар