Сауд Арабиясы ханзадасы Талал түрмеге жабылды

Сауд Арабиясы ханзадасы Әл-Велид бин Талал сыбайлас жемқорлық операциясы барысында тұтқындалды.

888318
Сауд Арабиясы ханзадасы Талал түрмеге жабылды

Сауд Арабиясының ең байлары арасында орын алған ханзада Әл-Велид бин Талал люкс қонақүйдегі қамаудан түрмеге жіберілді.

Ханзада Әл-Велид бин Талал Сауд Арабиясында 2 ай бұрын басталған сыбайлас жемқорлық тергеуі барысында люкс қонақүйде қамауға алынған болатын.

Ханзада Талал Сауд Арабиясы үкіметіне 728 миллион евро төлеуден бастартқан соң жоғары лауазымдылармен бірге бас қала Эр-Риядта қамаулы болған люкс қонақүйден Ал Ха-ир түрмесіне жіберілді.

Сауд Арабиясында 2 ай бұрын басталған сыбайлас жемқорлық тергеуі барысында араларында іскерлер, ханзадалар және министрлер бар 200 адам тергеуге алынған болатын.



Ұқсас жаңалықтар