Әйелдерге туристік виза

Енді әйелдер де Сауд Арабиясына жалғыз бара алады.

887184
Әйелдерге туристік виза

Сауд Арабиясы жалғыз өзі саяхаттағысы келетін 25 –тен жоғары жастағы әйелдерге туристік виза бере бастайды.

30 күндік туристік виза арқылы әйелдер енді қасында отбасынан бір ер адамсыз осы елге бара алады.

Мұрагер ханзада Мұхаммед Бин Селман туризм секторын жандандыру, экономиканы түрлендіру және елдің экстремалды консерватист көрінісін жөндеу мақсатымен бірсыпыра жоба бастаған еді.

Мекке мен Мәдина тысында жаңа туризм аймақтарын қалыптастырып,  елдегі жұмыс мүмкіндіктерін де арттырғысы келеді.

Мұрагер ханзада 1 тамыз күні Қызыл теңізде 50 аралда салынатын демалыс орталығы жобасын жариялаған болатын.

Осы орталықта шариғат заңдарының орнына халықаралық заңдар өтімді болады.



Ұқсас жаңалықтар