Тағы 64 босқын опат болды

Босқындарды тасыған үрлемелі қайық суға кетті.

884228
Тағы 64 босқын опат болды

Тағы 64 босқын опат болды.

Халықаралық Миграция ұйымы Ливиядан Жерорта теңізі арқылы Италияға жетуге тырысқан заңсыз 150 босқынды тасыған үрлемелі қайық батып, 64 босқын тұншығып өлгенін білдірді. 

Халықаралық Миграция ұйымының Флавио ди Гиакомо әлеуметтік желіде «64 босқын сенбі күні болған апатта қаза тапты. 150 босқынды тасыған қайық батып,  86 босқын аман қалды. Сегізінің мүрдесі табылды. 56 босқын әлі ізделіп жатыр» деді.

Осы апат Жерорта теңізінде «жылдың ең үлкен босқын трагедиясы» ретінде тіркелді.



Ұқсас жаңалықтар