Идлибтегі жарылыста 32 адам қаза тапты

Идлиб аймағындағы жарылыста қаза тапқандар саны 32-ге жетті.

884175
Идлибтегі жарылыста 32 адам қаза тапты

Сирияның Идлиб аймағында төрт бөлек жарылыстың кесірінен қаза тапқандар саны 32-ге жетті және жарақат алғандар саны  100-ден асты.

Идлибтегі Азаматтық қорғаныс басқармасы бас директоры Мұстафа Хажы Юсуф жарылыс салдарынан 15 ғимараттың және 50-ден астам көліктің зақымдалғанын айтты.

Басшылар жарылыстың бомба тиелген көліктермен жүзеге асырылуы мүмкіндігін баяндауда.

Асад режимі және орыс әуе шабуылдары артқан Идлибте бомба оқиғасынан кейін барлық назар ДАИШ пен ПКК-ға ауды.

Иблиб аймағы Мәскеу, Анкара және Тегеранның дәнекерлігімен жасалған қақтығыссыз аймақтары келісім бөлшегінің бірі. Идлиб аймағын қамтыған келісім аясында Түркия осы аймаққа бақылау түйіндерін құрған еді. 


Этикеттер: #Сирия , #Анкара , #Мәскеу

Ұқсас жаңалықтар